Бұйратау ұлттық паркінде жаңа құс пайда болды

Экология министрлігінің Instagram-дағы парақшасында қылқұйрық бұлдырық құсының суреті жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Парк аумағынан бүгін алғаш рет байқалған қылқұйрық бұлдырық құсы Қызыл кітапқа енген.
Мамандардың мәлімдеуінше, бұл құстың сырт келбеті кәдімгі кептерге ұқсайды. Салмағы шамамен 200-350 грамм, ұзындығы 40 сантиметрге дейін жетеді. Аяғының үш саусағы бірігіп кеткен, аң табаны іспетті.
Құстың тағы бір ерекшелігі – ол ағашқа, бұтаққа қонбайды, жерде тез жүгіреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript