Шарын ұлттық саябағындағы борсықтың серуені видеоға түсіп қалды

Шарын ұлттық саябағындағы борсықтың серуені видеоға түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 11:54 Сурет: pixabay
Борсық түсірілген видеоны Шарын ұлттық паркінің мамандары Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, борсықтар түнде жүреді. Зоологтардың пікірінше, борсық құмды төбелердің, орманды жыралар мен сайлардың беткейлерін қазып, терең ойықтарда өмір сүреді.

Қазақстан зоология институтының сайтында борсықтың қысқы ұйқысы қазан-қарашадан ақпан-наурызға дейін созылатыны жазылған. Көктемде жануарлардың өз інінен шығуы көбіне жылы мезгілдің келуіне байланысты.


2022 жылдың 8 желтоқсанында Іле-Алатау МҰТП Instagram-дағы парақшасында барыс түсірілген видео пайда болды. Бір қызығы, барысты камера қақпан емес, адам түсіріп алған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: