Шарын ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды
Сурет: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
30 шілде күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторларының рейді кезінде үш браконьер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
30 шілде күні ерекше қорғалатын табиғи аймаққа Toyota Land Cruiser маркалы автокөлік кіргені анықталды.
Инспекторлық топ автокөліктің ізі арқылы Бұғыты таулары Алмасай аймағында мемлекеттік нөмірі жоқ автокөлікті тоқтатып, оны тексеру барысында мылтыққапқа салынбаған үш дана ойық ұңғылы мылтық (TIKKA T3 N-308, TIKKA T3x LITE, ВЕПР-308 ), екі дана пышақ, бір дана рация, және арнайы контейнерге салынған ет анықталды. Сонымен қатар автокөлік жанынан Сібір тау текесіне ұқсас аңның терісі табылды.Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, көлікте болған үш азамат ұсталды: олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы қаласының тумалары боп шықты.
Айғақ заттарға уақытша алып қою қаулысы толтырылып, Ұйғыр ауданы полиция бөліміне тапсырылды.Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript