Шарын ұлттық табиғи паркі туристерге төніп тұрған қауіп туралы ескертті
Фото: pexels
"Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі өрт қауіпсіздігіне байланысты бірқатар ескертулер жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 26 наурызда таратылған ресми ақпарға сүйенсек, ұлттық парк аумағында өрт қауіпі жоғары маусым басталған.
Келушілерге келесі ережелерді сақтау ұсынылды:
- Жанып тұрған темекі қалдықтары мен сіріңке тастамау.
- Арнайы жабдықталмаған жерлерде автокөлік қоймау.
- Майланған немесе жанғыш заттар сіңген материалдарды қалдырмау.
Сондай-ақ, келесі жағдайларда от жағуға болмайды:
- Желді, дауылды күндері
- Кепкен шөп бар жерлерде
- Бүлінген орман учаскелерінде.
Бұған дейін Қазақстан бойынша 27 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript