Найзағай мен жауын-шашын: Қазақстан бойынша 27 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ел тұрғындарына 2026 жылғы 27 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек республиканың батысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады.
Бұған дейін Қазақстанда ауа райы күрт өзгеретіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript