Нөсер мен көктайғақ: 23 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2026 15:57 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша 2026 жылғы 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстік өңірлердің тау бөктері мен таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін.

Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен орталық өңірлерде көктайғақ болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Бұған дейін 22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: