22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2026 09:34 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 22 наурызда Астана мен еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"22 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",- делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін 22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: