Шарын ұлттық паркі фототұзақтағы таңдаулы кадрларды жариялады

Шарын ұлттық паркі фототұзақтағы таңдаулы кадрларды жариялады , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 09:42 Сурет: Шарын ұлттық паркі баспасөз қызметі
2026 жылғы 26 қаңтарда Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі желідегі парақшасында фототұзаққа іліккен бірегей кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Сартоғай аумағында жабайы табиғатта сирек кездесетін Түркістан сілеусіні көзге түскен.

"Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусінінің объективке ілігуі – бұл аумақта жабайы табиғаттың табиғи қалпы сақталғанын және жабайы жануарларды қорғау мен мониторинг жүргізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді",- деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетерлігі, дәл осы фототұзаққа дала мысығы мен түлкі де түскен.

"Бір аумақта үш түрлі сүтқоректінің қатар тіркелуі ұлттық парк аумағының биоалуантүрлілікке бай, жыртқыштар үшін қолайлы табиғи мекен екенін тағы бір мәрте дәлелдеді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ШҚО-да тауда орнатылған фототұзақ аюлардың қызығушылығын туғызғанын жазғанбыз. Онда екі қоңыр аю аппаратты байқап, оны ары-бері жұлқып, біраз әбігерге түскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: