"Бай әке, Кедей әке" кітабының авторы алтын бағасына қатысты болжамын айтты

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 12:54 Фото: pexels
26 қаңтарда инвестиция туралы әйгілі "Бай әке, Кедей әке" кітабының авторы Роберт Кийосаки алтынның болашақтағы бағасына қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кийосакидің пікірінше, болашақта алтын құны бір унция үшін 27 мың АҚШ долларынан асады. Алайда ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл көрсеткішке нақты қашан жететінін айтпады.

Сурет: X/Robert Kiyosaki

Биржалық сауда деректеріне сүйенсек, 25 қаңтарда алтынның бір унциясының бағасы тарихта алғаш рет 5 мың доллардан асты. Investing.com платформасының мәліметі бойынша, алтын бағасы 2024 жылдың екінші жартысынан бастап тұрақты түрде өсіп келеді.

Сарапшылардың айтуынша, қымбат металдарға деген сұраныстың артуына әлемдегі геосаяси тұрақсыздық әсер етуде. Дәл осы фактор 2025 жылы алтын бағасының өсуіне ықпал еткен, ал бұл үрдісті АҚШ-тың биылғы қаңтар айының басында Венесуэлаға қатысты жасаған әрекеттері одан әрі күшейтті.

Бұған дейін 23 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: