Сауда министрлігі Қазақстандағы қияр бағасына қатысты түсінік берді

Овощи, супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, овощной отдел, огурцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 14:49 Фото: Zakon.kz
Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков 2026 жылғы 14 қаңтарда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстандағы қияр бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикер қияр бағасының өсімі Жаңа жыл мерекесі алдындағы және мерекелік кезеңге сай туындаған сұраныстың артуына байланысты ажиотажға байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Сыртқа шығыңыздар, көшеде әлі де қар бар. Қиярды жылыжайда өсіру қажет, ал онда мүлде басқа шығындар. Содан кейін оңтүстік өңірдегі бағаны қарау керек. Қияр өндірісі үшін жауапты орган – Ауыл шаруашылығы министрлігі. Біз қанша импорттаймыз, қаншалықты импорттамаймыз, қай жерде қамтамасыз етілгенімізді, қай жерде жоқтығын қарауымыз қажет", – деді Әбілдабеков.

Журналистердің "қиярдың килограмы 2300 теңге – қалыпты баға ма?" деген сұрағына ол бағалауды адекваттылық тұрғысынан жасамайтынын айтып, бұған дейін мұндай баға туралы білмегенін мойындады.


"Мүмкін. Мен баға өседі деп айтпаймын. Түсініңіздер, біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Баға бізде электр энергиясы, коммуналдық қызметтер, жанар-жағар майға реттеледі. Ал азық-түлік бағасы реттелмейді. Біздің министрлік тек сауда үстемеақысын қадағалайды. Біз 90-жылдары нарықтық экономика боламыз деп жариялағандықтан, жоспарлы экономикаға қайта орала алмаймыз. Барлық бағаны бекіте алмаймыз", – деді ол.

Сондай-ақ министр ішкі сауда субъектілері барлық тауарлардың бағасын өз бетінше белгілейтінін, тек әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына ғана шектеу қойылатынын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан сәбіз экспортына тыйым салатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: