Жаңалықтар тізбегі
0

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды Сурет: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Айдар Әбілдабеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
  • 1998-2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.
  • 2010-2022 жылдары ҚР статистика органдарында жұмыс істеген: ҚР Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарды.
  • 2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз