Сауда министрлігі Қазақстанның оңтүстік облыстарында сиыр етінің қымбаттауына қатысты түсініктеме берді

2025 жылдың 13 наурызында ҚР Парламенті Сенатының отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев еліміздің оңтүстік өңірлерінде сиыр етінің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол Қазақстан дәстүрлі түрде Өзбекстанға сиыр етін экспорттаушы ел екенін еске салды. Жыл сайын бұл өнімнің 20 мың тоннадайы көрші мемлекетке жөнелтіледі. Ағымдағы жылдың басынан бері сиыр еті бағасының индексі 8,4%-ға өсті, апта сайынғы бағаның өсуі 0,6%-ды құрады.
"Жыл басынан бері 20 облыстың барлығында баға өсімін байқадық, әр өңірде әртүрлі, біреуінде көп, біреуінде азырақ. Түркістан облысында ресми статистика 3,1% өсім көрсетіп отыр. Жалпы республика бойынша баға ресми статистика бойынша тағы 2800 теңгені құрап отыр", – деді Қайрат Төребаев.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда ет бағасының қымбаттауына Тәжікстан мен Өзбекстан тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты екенін хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript