ШҚО-да тауда орнатылған фототұзақ аюлардың қызығушылығын туғызды

Аю, ШҚО, Қатонқарағай, тау, фототұзақ, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 19:47 Сурет: pixabay
Қатонқарағай ұлттық паркінің әкімшілігі тауда орнатылған фотоаппаратқа қызығушылық танытқан аюлардың видеосымен желіде бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған видео ұлттық парктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Фототұзақты байқап қалған қоңыр аю оны едеуір айналшықтап көреді. Құдды: "Мені не, рұқсатсыз түсіріп жатыр ма?!" деп таң қалғандай. Арғы жағынан қарап, тістеп, түртіп те көреді, өзіне ұнамаған кадрларды өшірмек болғандай) Біраздан соң бұл іске досы да "қосылып", екеуі бірігіп фототұзақты "шешпек болады"! Фототұзақты орнатқан – орманшы Жомарт Аманбаев", делінген видео сипаттамасында.

Бұған дейін Қызыл кітапқа енген құландар "Алтын дала" резерваты аумағына жіберілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: