SCAT әуе компаниясы Алматы – Пхукет рейсінің кешігу себебін түсіндірді

SCAT, ұшақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 18:51 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Алматыдан Пхукетке ұшатын рейстің кешіккені туралы ақпарат тарады. SCAT авиакомпаниясы оқиғаға түсініктеме беріп, жаңа ұшу күнін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшақ кеше түнгі сағат 02:30-да ұшып шығуы керек еді. Таңертең "рейс 14:00-ге шегерілді" деген ақпарат келді. Жолаушылар тіркеуден өтіп, жүгін тапсырып қойғанымен, ұшы алмады.

Алматы – Пхукет рейсі Үндістан аумағы арқылы ұшуға рұқсат беретін құжаттардың кешігуіне және Пхукет әуежайының уақытша жабылуына байланысты кейінге қалдырылды. Ұшу Астана уақытымен 00:00-де болады. Басқа қаладан келген жолаушылар қонақүймен қамтамасыз етілді. Әуе компаниясы келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайды, – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: