Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы дебаттарға қатыспайды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттардың теледебаттарына қатыспайды, орнына өкілі Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова 11 қарашада "Хабар" телеарнасында өтетін теледебатқа қатысушылардың тізімін жариялады.
Дебатқа Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Ерлан Қошанов (Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі ретінде – ред.), Салтанат Тұрсынбекова қатысады. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова
Дебат 4 раундтан тұрады. Біріншісі – сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері, екіншісі – пікірталас сессиясы, онда қатысушылар қарсыластарына екі сұрақтан қояды, сонымен қатар екі сұраққа жауап береді.
Сұрақты құрастыруға 30 секунд, жауап беруге екі минут уақыт беріледі. Үшінші тур – сайлаушылардың сұрақтары. Әр үміткерге бір сұрақ қойылып, жауап беруге екі минут беріледі. Төртінші тур – сайлаушыларға үндеу жолдау.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript