Елімізде 1,5 миллионнан астам адам депозит бойынша өтемақы алуға өтініш білдірді

9 қарашада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттер бойынша 10 пайыздық өтемақы алуға өтініш білдірген салымшылар санын жариялады. Мәлімет бойынша, 1,5 миллионнан астам салымшы өтінім берген, бұл салымшылардың жалпы санының 30 пайызына тең, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қор салымшылар сыйақыны алуға келісімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін растауы керек екенін ескертті. Мұны онлайн режимінде жасауға болады, екінші деңгейлі банктердің көпшілігі мұндай мүмкіндікті әлдеқашан ойластырған.
5 миллионнан астам салымшы өтемақы ала алады. Оның ішінде салымшылардың 97%-ы депозитке 5 миллион теңгеге дейін ақша салған.
2022 жылғы қыркүйек айындағы жағдай бойынша, өтемақының жалпы сомасы шамамен 360 млрд теңге болған.
ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаевтың сөзінше, сыйақы жинақ, мерзімді, мерзімсіз депозиттер, білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі салымдарға есептеледі.
Оның айтуынша, өтемақы алу шарттарының бірі – 2022 жылғы 23 ақпанына дейін ашылған жарамды депозиттің болуы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript