"Мұғалім" ҚР ІІМ-нің VIP өткізу құжатын қайдан алған
Бауыржан Әленов қыз қолдан жасалған VIP құжатты Instagram желісінен сатып алғанын айтты
Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 4-бөлігі ( Мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу), 599-бабының 1-бөлігі (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту), 590-бабының 2-бөлігі ( Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Алматы облысының білім басқармасы оның бұрын білім беру ұйымдарында мұғалім болып жұмыс істемегенін хабарлады. Қыз қазір жұмыссыз.