Атыраудың бірнеше шағын ауданы жарықсыз қалды
Сурет: Zakon.kz
Атырауда 14 қарашада бірнеше шағын ауданда жарық болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, қарашаның 13-інен 14-іне қараған түні "Бірлік" шағын ауданындағы №18 электр қосалқы стансасында өрт шығып, оны ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі сөндірді.
Қазіргі уақытта "Геолог", "Жұлдыз", "Бірлік", "Томарлы", "Контейнер" шағын аудандарында жарық жоқ.
Жағдайды облыс әкімі Серік Шәпкенов жеке бақылауына алды. "Атырау Жарық" АҚ және қала әкімдігінің төтенше жағдайлар қызметі төтенше жағдайдың салдарын жою және электр қуатын беруді қалпына келтіру мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
14 қараша күні таңертең Привокзальный шағын ауданында электр қуаты қалпына келтірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript