Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өткен тәулікте жол-көлік оқиғасының саны күрт артты

Алматы, жол-көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 10:56 Сурет: Zakon.kz
16 қараша күні кешке Алматыда қар жауып, салдарынан жол-көлік оқиғасы әдеттегіден көбірек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығының кезекші бөлімі таратқан мәлімет бойынша, 16 қараша таңғы сағат 8:00-ден 17 қараша күні таңғы сағат 8:00-ге дейін Алматы қаласында 136 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 26 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар жоқ. Жай күндері (ауа райы күрт нашарламаған күндерде) қалада 70-80, кейде 100-ге дейін жол-көлік апаты тіркеледі. Бұдан соңғы тәулікте жол-көлік оқиғасының көбейгенін байқауға болады.

Алматы полициясы көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

"Бұл үндеу негізінен қаупі жоғары көлік басқаратын қала жүргізушілеріне арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті әрі қала көшелеріндегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі", – Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.

Ол сондай-ақ көлік иелеріне дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: