Жаңалықтар тізбегі
0

Астана көшелерінің біріне мәжілістің экс-спикерінің есімі берілмек

Орал Мұхамеджанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 17:57 Сурет: parlam.kz
Астанадағы көшелердің біріне мәжілістің экс-спикері Орал Мұхамеджановтың есімі беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәслихатта елордалық тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп қаладағы бірқатар көшелерге атау беру және қайта атау жоспары туралы айтты.

Сонымен жобалық атауы Е202 көшесіне әскери ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің есімін беру ұсынылып отыр.

Жобалық атауы Е101 көшесіне кеңестік және қазақ жазушысы, қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шерхан Мұртазаның есімі, Е324 көшесіне көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның есімі, Е325 көшесіне композитор Еркеғали Рахмадиевтің есімі, Е357 көшесіне хирург, медицина ғылымдарының профессоры, академик Александр Сызғановтың есімі, Е577 көшесі жазушы Хамза Есенжановтың есімі берілмек.

Сонымен қатар Е579 көшесіне мемлекет және саяси қайраткер Қайреден Қарбаевтың есімін, Е580 көшесіне мемлекет қайраткері Сабыр Ниязбековтің есімін, Е607 көшесіне ҚР халық артисі, көрнекті мәдениет қайраткері Құман Тастанбековтің есімін беру ұсынылып отыр. Ал Е608 көшесіне қазақ, кеңес актрисасы, ұстаз Шолпан Жандарбекованың есімі беріледі.

Е757 көшесіне көрнекті жазушы, әдебиеттанушы, филолог Ақселеу Сейдімбектің есімін беру ұсынылады, Е758 көшесіне шейх Заид ибн Халифа Әл Нахаянның есімі, Е889 көшесіне көрнекті қоғам қайраткері, публицист, заңгер Барлыбек Сыртановтың есімі, Е890 көшесіне тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Ермұхан Бекмахановтың есімі және Е898 көшесіне филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішевтің есімі берілді.

Астанадағы Алматы ауданынының жобалық атауы А24 көшесіне көрнекті мемлекет қайраткері Орал Мұхамеджановтың, ал А62 жобалық атауы бар көшеге драматург, жазушы Сафуан Шаймерденовтің есімін беру ұсынылып отыр. Сарыарқа ауданындағы 20-40 жобалық атауы бар көшеге жазушы, ақын, академик Сәбит Мұқановтың есімін беру ұсынылып отыр.

2013 жылы 16 қазанда Қазақстанның белгілі парламентшісі Орал Мұхамеджанов 65 жасында дүниеден өтті. Ол 2004 жылғы қарашадан 2007 жылғы маусымға дейін ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: