Алматыда сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр – Қырғызстаннан келген бақылаушылар
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қырғызстаннан келген бақылаушылар Алматыдағы сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылықты байқамағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақылаушылар Қазақстандағы сайлауды "үлгі алуға тұрарлық" деп бағалады.
"Процесс өте мазмұнды, дайындық жоғары деңгейде. Қазақстандағы сайлау – басқа елдерге көрсеткіш", – дейді бақылаушы Тілек Шығай.
Бұл пікірді Қырғыз Республикасы ОСК жанындағы аумақтық сайлау комиссиясының арнайы өкілі Әбдуәлі Хамраев та қолдады.
"Ашықтықты қамтамасыз ету үшін сайлау басталғаннан дауыстарды санағанға дейін сайлау учаскесінде болуға мүмкіндігі бар халықаралық бақылаушылар қарастырылған. Біз 10-нан астам сайлау учаскесіне бардық. Барлығы жоғары деңгейде", – деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript