Медеу мұз айдынындағы тұрақ 5 желтоқсанға дейін тегін болады
Сурет: Zakon.kz
Қазір мұз айдынының іргелес аумағында орналасқан платформалық тұрақта операторды ауыстыру жүргізіліп жатыр. Медеу мұз айдынындағы автотұраққа кіру 5 желтоқсанға дейін тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Шымбұлақ» компаниялар тобының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында паркинг аумағында жоспарлы жабдықты заманауиға ауыстыру жүргізіліп жатыр. Бұл болашақта автотұрақ жүйесін қаланың кешенді туристік өнімдері жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді.
Шаңғы кешенінің мәліметінше, бұл кезеңде көлік тұрағы үшін төлем алынбайды.
Тұрақ 2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап жабдықты ауыстырғаннан кейін бірден тұрақ құнын өзгертпей, қалыпты жұмысын қалпына келтіреді.
25 сәуірде ақылы автотұрақтар Алматының коммуналдық меншігіне қайтарылды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, ақылы автотұрақ қызметінен түсетін барлық кіріс қала бюджетіне бағытталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript