Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады
Сурет: pixabay
Қазгидромет 24-26 қарашаға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстан аумағында аяз болады деп болжанды. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Республиканың орталық бөлігінде қарлы боран соғады. Ел бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
"Самара облысының аймақтарынан келген циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
25 қарашада елдің солтүстігінде, 26 қарашада елдің шығысында қалың қар жауады.
Республикада жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстікте, шығыста, орталықта қарлы боран болады.
Апта соңында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі болжанды. Солтүстікте, шығыста, орталықта ауа райы түнде және күндіз -20 ... -29 ° С дейін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript