Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтар мен екі облыстың тұрғындарына таудағы қауіп туралы ескертілді

тау, қар, қыс, ауа райы, табиғат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 18:36 Сурет: unsplash
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Zakon.kz-ке ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Казселезащита" мемлекеттік мекемесінен хабарлады.

Министрлік оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар көшкінінің жоғары деңгейі сақталып отырғанын ескертті.

"Алдағы күндері тауға шығудан бас тартып, қар басқан ашық тау беткейлеріне шықпауларыңызды сұраймыз"."Казселезащита" ММ

Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте 22 қарашада және 23 қарашада таңертең қатты жауын-шашын, желдің күшеюі байқалды. Кейбір өзен алаптарында қар қоры айлық нормадан 2,5 есеге артып отыр. Бұл күндері таулы аймақта қатты жел (екпіні 26 м/с дейін) байқалды. Бұл қарлы боранға айтарлықтай ықпал етіп, қар көшкіні жағдайын ушықтырды.

"Қардың айтарлықтай биіктігі 1941, 1963, 1965, 2003, 2004 және 2016 жылдары да байқалған. 2016 жылдың қарашасында Алматы қаласы мен Алматы облысында стихиялық қар көшкіні анықталды. Жаппай қар көшкіні 2016 жылдың 22 қарашасында да Алматы кіші өзені және Түрген өзені – Батан трактісі аймағында байқалды"."Казселезащита" ММ

Барлық өңірдегі "Казселезащита" бөлімшелері қар көшкіні қаупі бар аймақтарды зерттеп, "Қар көшкінінен сақтан" деген брошюралар шығарады. Көшкін қаупі бар аймақтарға тұрғындар мен көліктердің кіруін шектеу үшін бақылау-өткізу пункттерін орнатады. Сонымен қатар қосымша ескерту тақтайшалары орнатылып жатыр.

Ведомство барлық жұмыс төтенше жағдайлар департаменттерімен және "Қазгидромет" РМК-мен байланыста жүргізіліп жатқанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: