Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 20:04 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірлерін тұман басады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы 24 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде қар ұшқындап, боран соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың батысында жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстік шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік шығыстан батысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: