Жаңалықтар тізбегі
0

Мұнай бағасы төмендеген жағдайда, «Қазмұнайгаз»-дың табыстылығын қамтамасыз ететін не?

Мұнайдың бағасы төмендеген жағдайда не болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 12:42 Сурет: kmg.kz
Сарапшылар ағымдағы жылы мұнай бағасының шарықтауы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға еркін ақша ағымын арттыруға мүмкіндік береді деп күтуде.

Бұл орайда, Теңіз кен орнында өндіру көлемі 40 %-ға жоғарылайды деп күтілуі және Қашағанда өндіруді жоспарлы мәндерге дейін арттыру компанияның бұдан кейінгі жылдары кірісі мен таза табысының өсуіне жағдай жасайтын болады.

Қазіргі кезде жергілікті IPO аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларына жазылу жүріп жатқаны мәлім, осыған байланысты компания «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері және қаржы кеңесшілерімен бірге бүкіл Қазақстан бойынша инвесторлармен кездесу өткізуде.

Жуырда Алматыда өткен кездесуде компанияның топ-менеджменті, атап айтқанда, басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Карабаев Қазақстандағы бүкіл мұнай өндірісінің шамамен 65 %-ын өндіріп отырған Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанның халықаралық өндіру жобаларына үлесті қатысудан бөлек, «ҚазМұнайГаздың» қоржынынды басқа да мұнай-газ активтерінің қомақты мөлшері бар екеніне баса назар аудартты. Мұнай өндіруші басты кәсіпорындар – «Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз», ұлттық компанияның оларда жүзпайыздық үлесі бар. Бұл жобалардың барлығы айтарлықтай ақша ағымын әкеледі және мұнайдың үлкен қорын, мұнай баррелін жер қойнауынан жер бетіне шығарумен байланысты шығындардың орташа деңгейін болжап отыр.

Бұған қоса, компания геологиялық барлау саласында бірқатар жобаларды іске асырады: оларға Торғай палеозой және Қаратон-Сарықамыс жобалары жатады. «ҚазМұнайГаз» Каспий теңізі қайраңындағы барлық барлау жобаларына дерлік қатысады. Теңіз жобалары – Абай, Исатай, Жеңіс, Әл-Фараби – тәуекелдер мен шығындарды бөлу үшін халықаралық серіктестермен бірлесе әзірленуде. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» қоржынында Қаламқас теңіз және Хазар сияқты теңіздегі кен орындары бар, олардағы мұнай қорлары расталған, ал игеру жұмыстары жуырда басталады деп жоспарланып отыр.

ҚМГ мұнай химиясы саласында да жобаларын іске асырып келеді. 8 қарашада қуаты жылына 500 мың тонналық полипропилен өндіретін зауыт іске қосылды, бутадиен мен полиэтилен өндіру жобалары кезегін күтіп тұр. Инвестициялық компаниялардың сарапшылары мұнай бағасы төмендеген жағдайда, жоғарыда аталған факторлардың барлығы эмитентті сақтандыра алады деп санайды.

Жеке инвесторлар «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға өтінімді брокерлік компаниялар және олардың мобильді қосымшалары, Tabys мобильді қосымшасы арқыл және Қазпочта бөлімшелерінде 2022 жылғы 2 желтоқсанға дейін бере алатынын естеріңізге саламыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: