Елімізде кейбір ҰОС ардагерлері әлі де баспана алуға кезекте тұр

9 мамыр, ҰОС, саябақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 12:56 Сурет: Zakon.kz
Сенат депутаты Серік Шайдаров Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әлі де баспана кезегінде тұрғанын "парадокс" деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол сенатта өткен үкімет сағатында айтты.

"Бүгінде 88 Ұлы Отан соғысының ардагері баспана кезегінде тұр. Ардагерлердің көбінің жасы жүзге таяп қалды. Жедел шара қолданбаса, олардың көбіне баспана алу орындалмайтын арман болып қала бермек".Сенат депутаты Серік Шайдаров

Бұл ретте депутат сонау 2015 жылы барлық ардагер баспаналы болғаны хабарланғанын еске салды.

5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 381 ҰОС ардагері тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: