Ақтүтек боран: ШҚО, Жетісу және Абай облыстарында бірқатар жол учаскесі жабылды
Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының республикалық трассаларында қардың жауып, боран соғып, айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты шектеулер енгізілді. Жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 60 арнайы техника жұмысқа жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда арнайы техника саны ұлғайтылады. "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі
Сағат 18.30-дан бастап (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты республикалық трассалардың мынандай бірқатар учаскелері жабылды:
Абай облысында:
"Алматы-Өскемен" тас жолында, атап айтқанда Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін; Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін; Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін көлік қозғалысы шектелді;
Сондай-ақ, "Таскескен-Бақты" тас жолында (0-184 км) Таскескен ауылынан Бақты ауылына дейінгі учаскеде;
"Омбы-Майқапшағай " тас жолының Семей қаласынан Көкпекті ауылына дейінгі учаскесі жабылды.
Жетісу облысында:
"Алматы-Өскемен" тас жолының Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесі жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында:
"Алматы-Өскемен" тас жолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов елдімекеніне дейінгі учаскесі жабылды.
Сондай-ақ "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының (км 105-123) Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаске жабық.