Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы зообағы ерекше ягуарды көрсетті

ягуар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 15:09 Сурет: unsplash
29 қараша – Халықаралық ягуарлар күні. Осыған орай Алматы хайуанаттар бағы Оңтүстік және Солтүстік Американы мекендейтін, пантера тұқымдас ягуар жануары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ягуарлар күнінің басты мақсаты – Оңтүстік және Солтүстік Американы мекендейтін, пантера тұқымдас осы жыртқыш жануарды жойылып кету қаупінен сақтау және оны қорғауға назар аудару.

"Ягуарлар халықаралық "Қызыл кітапқа" енген, көптеген елдерде қорғауға алынған. Үндістер тілінен алғанда "ягуар" сөзі "бір секіргеннен өлтіреді" деген мағына береді. Бұл оның жемтігіне шабуыл жасау қимылына дәл келеді", - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасында.

Алматы зообағында 6 ягуар бар: Васек пен Момын жұбы, оның балалары және ұрғашы ягуар Диана.

Диана - бала кезінен мүгедек. Әкесі Диананың табанын жарақаттап алған. Ветеринарлар бірнеше күрделі ота жасап, Диананың өмірін сақтап қалды. Қазір ол өмірге деген сүйіспеншілігі мол әрі көңілді және мейірімді үлкен мысыққа айналды. Ягуарларды зообақтағы Жыртқыштар үйіне келіп көруге болады.Алматы зообағы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: