Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды
Жарлық мәтіні Ақорданың ресми ақпараттық ресурсында жарияланды.
Олег Крук 1967 жылы Павлодарда дүниеге келген.
Білімі:
1992 жылы Павлодар индустриалды институтын бітіріп, өнеркәсіптік жылу энергетик мамандығын иеленді.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар ЖЭО-3-те слесарлық шеберлікті игеруден бастаған. Университетті бітіргеннен кейін ол еңбек жолын жылу-электр орталығында жалғастырып, қазандық бөлімінде инженер-технолог, кейінірек бас инженердің орынбасарына дейін өсті.
1997 жылы CCL-Energo Company ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы;
1999 жылдан 2002 жылға дейін "Солтүстік Қазақстан энергетикалық компаниясы" ЖШС, "Казснабцентр" ЖШС, "Казпромресурс" ЖШС және "Теплоцентр-Северный" ЖШС Павлодар филиалында қызмет етті;
2002 жылы "Павлодарэнерго" ААҚ жылу желілерінің директоры болып тағайындалды;
2006 жылы "Павлодар жылу желілері" АҚ басқарды;
2007 жылы Олег Крук мемлекеттік қызметке ауысып, Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды;
2008 жылы ол Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, осы лауазымда төрт жылдан астам қызмет етті. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты;
2020 жылы ол Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығына тағайындалды;
2021 жылы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.