1 желтоқсандағы саудада доллар сәл арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,45 теңгеге төмендеп, 468,45 теңге болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,69 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 66,40 теңгеге (+0,83) жетті.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 485,64 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 467,5-472 теңге, еуро – 487-493,5 теңге, ресей рублі – 7,32-7,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 1 желтоқсандағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстері 0,32%-ға төмендеп, барреліне 86,69 доллар болды.
Қаңтар айындағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 0,27%-ға арзандап, 80,33 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript