Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметінде қалды

Ұлытау облысының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:15 Сурет: gov.kz
2 желтоқсан күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Әбдіғалиұлын Ұлытау облысының әкімі етіп қайта тағайындау жөніндегі жерлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын" – делінген ҚР президентінің ресми сайтында жарияланған жарлықта.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жыл Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • 1994 жылдан – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 1995 жылдан – бөлім меңгерушісінің м.а., 1997 жылдың қаңтарынан – институт директорының орынбасары (Алматы).

  • 1997 жылдың наурызынан – ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы).

  • 1997 жылдың қарашасынан – ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола).

  • 1998 жылдан – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана).

  • 1999 жылдан – ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары (Астана).

  • 2000 жылдан – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (Астана).

  • 2001 жылдан 2002 жылға дейін – Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

  • 2002 жылдан – Ұлттық зерттеулер институтының директоры (Алматы).

  • 2003 жылдан – "Ақ жол" ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (Алматы).

  • 2004 жылдан – "Саяси білім беру қоры" Қоғамдық қорының президенті (Алматы).

  • 2005 жылдан – "Атамекен" Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы" ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (Астана).

  • 2006 жылдан –"Атамеке" ұлттық даму орталығы" ЖШС директоры (Астана).

  • 2006 жылы маусым-тамыз –Украинаның Киев облысына қарасты Вышгород қаласының мэрі кеңесшісі.

  • 2007 ж. – Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының төрағасы.

  • 2007 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (Астана).

  • 2008 жылдың наурызынан – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Астана).

  • 2008-2010 жж. – "Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры" қоғамдық қорының директоры (Астана).

  • 2009-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі.

  • 2010 жыл. – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі

  • 2010-2012 жылдар. – Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі

  • 2012 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Бірінші вице-премьердің кеңесшісі.

  • 2012-2013 жж. – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

  • 2013 ж. – Қарағанды облысы облыс әкімінің орынбасары.

  • 2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

  • 2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қорғаныс министрлігі.

  • 2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР Ұлттық мұражайының "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;

  • 2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.

  • 2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

  • 2021 жылы 11 қаңтардан 2022 жылы маусымға дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

  •  2022 жыл 11 маусым күнінен бастап Ұлытау облысының  әкімі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: