Ақтауда 11 жасар бала жоғалып кетті

Ақтау, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 09:31 Сурет: lada.kz
Ақтауда 4 желтоқсаннан бері 11 жастағы Нұрислам Мәмбеков іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 желтоқсан күні сағат 16:35-те бала "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп жазды lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасы. Оны еріктілер мен құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.

Ерекше белгілері: бойы 150-155 см, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде мең бар. Үстінде: қара көк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара трико. Сөмкесі мен киім салынған пакеті болған.

Жоғалған баланы көрген-білгендер болса мына нөмірге хабарласа алады: +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: