Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңақорған ауданында сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысы, шөп, сексеуіл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 17:17 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысында сексеуіл орманы алқабы жыл сайын ұлғайып келеді. Тұқымы күзде себілетін дала өсімдігін егу желтоқсанның ортасына дейін тоқтамайды. Шөл даланың шырайын кіргізіп тұрған сексеуілдің бұдан басқа да ерекшелігі көп.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында "Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ-і күзге уақыттағы тұқымбаққа кезекті сексеуіл көшеттерін егу жұмыстарын 20 га жерге жүргізді.

"Сексеуіл – шөл далаға төзімді өсімдіктер санатына жатады. Ал теңіз табанының тұзы мен құмын тұсаудың экологиялық тиімді және қауіпсіз жолы – сексеуіл тұқымын егу. Сексеуілдің тиімділігінің бірі көп баптауды, сондай-ақ суды көп мөлшерде қажет етпейді. Өңіріміздің экологиялық мәселесін оңалту да үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз", – дейді мекеме қызметкерлері.

Жалпы, елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймаққа айналдырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары аясында алдағы 5 жылда 467,7 гектар жерге 1,1 млн-нан астам жергілікті климатқа бейімділген ағаш көшеттерін отырғызу жоспарда тұр екен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: