Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында "Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасы ашылады

"Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасы, Ақтөбе облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 15:06 Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңірде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы басталады. Бұл 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындарына қолайлы шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі. Жастар бағдарламасының іске асырылуы туралы Астана қаласында өткен Investment Aktobe – 2022 VII Халықаралық инвестициялық форумында айтылды.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Ақтөбе жастары" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

0, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 15:06

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бағдарламаға әлеуметтік саланың, коммуналдық және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады. Өтініш берген кезде олардың жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы тиіс.

Шарттары: ҚР аумағында соңғы 5 жылда меншігінде тұрғын үйдің болмауы, Ақтөбе облысында таңдалған салада ресми жұмыс өтілі – соңғы 12 айдан кем болмауы қажет.

"Тұрғын үй жобасы Мемлекет басшысының қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылады. Жас отбасыларды, әлеуметтік сала қызметкерлерін, журналистерді жеңілдікпен тұрғын үймен қамтамасыз ету – біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Жасыратыны жоқ, Ақтөбе облысының тұрғындары белгілі бір себептермен екінші деңгейлі банктерден пәтер сатып ала алмайды. Бұл бағдарлама оларға тиімді", – деді Ералы Тоғжанов.

"Соңғы бес жылда Отбасы банкінде жас салымшылардың депозиттік базасы 35%-ға өсті. Қазір 18 бен 35 жас аралығындағы 925 мың қазақстандық болашақта баспана алу үшін жинақ шоттарына ақша жинап жатыр. Бұл біздің жастардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім артатынын білдіреді. Біз оған қолдау көрсеткіміз келеді. Сондықтан әкімдіктермен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үй бағдарламаларын белсенді түрде іске қосып жатырмыз. Ақтөбе облысы – тоғызыншы өңір. Жастар бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті әкімдік 300 млн теңге бөледі және сондай соманы Отбасы банкі де бөледі", – деп түсіндірді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

"Ақтөбе жастары" бағдарламасы бойынша әлеуетті қарыз алушылардың тізімін облыс әкімдігі қалыптастырады. Мақұлданған жағдайда оларға жылдық 5%-бен қарыз беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна небәрі 10%-ды құрайды. Бағдарламаға қатысушы алатын несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңгеге дейін. Тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан сатып алуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: