Алматыдан 600 шақырым қашықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыда жер сілкінісі тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 09:52 Сурет: unsplash
Сейсмологтар бір күн бұрын сағат 22:03-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 617 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СТАЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV магнитудасы - 5,1. Эпицентр координаттары - 39,12°(солтүстік), 71,92° (шығыс). Тереңдігі - 20 км.

Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Бұған дейін жер сілкінісі 5 күн бұрын тіркелген еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 698 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: