Жел, тұман, бұрқасын: 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 15:18 Сурет: pixabay
Синоптиктер 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Елдің қалған бөлігі жауын-шашынсыз, ауқымды антициклонның ықпалында болады.

"Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста төмен қарлы боран болжанды. Ал еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман басады". "Қазгидромет" РМК

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қалың қар жауады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: