Қатты жел мен көктайғаққа байланысты еліміздің екі өңірінде ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 19:33 Сурет: pixabay
16 желтоқсанда Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с, кей тұстарда 30 м/с және одан да көп көлемді құрайды деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. 

Бұған дейін синоптиктер Тәуелсіздік күнінде еліміздегі ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: