Алматы – Сиань бағытында әуе рейсі ашылады

Алматы, Сиань, ұшақ, рейс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 12:36 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қытай әуе компаниясы Алматы – Сиань бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, бұл бағытта ұшақ жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен ұшады. Жолаушылар тасымалы Б-738 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады. Алғашқы рейс 23 желтоқсанда басталады.


"Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына оң әсер етеді" – дейді Азаматтық авиация комитеті өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: