"Қыран елім – Қазақстаным!" патриоттық шарасының қатысушылары марапатталды

байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 11:00 Сурет: Сәтпаев қаласы әкімдігі
Сәтпаев қаласында Республика күнінің жаңа ұлттық мереке ретінде қоғамдағы тарихи мәртебесін бекіту мақсатында әлеуметтік желілерде "Қыран елім – Қазақстаным!" патриоттық шарасы ұйымдастырылды.

Онлайн байқау қала тұрғындары арасында өтті. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған байқау үш бағыт бойынша жүргізілді. Республика күніне арналған патриоттық өлеңдер жариялау, сурет салу және ерекше видео құттықтаулар жазудан көзге түскендер Сәтбаев қалалық мұражайында бас қосты.

Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Майра Жаппасбаева, ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадинат Игенберлина да шараға қатысты. Олар белсене қатысқандарды құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.


байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 11:00

Сурет: Сәтпаев қаласы әкімдігі

Елге, жерге деген сүйіспеншілігін, ұлттық мерекеге деген құрметін қатысушылардың бірі ерекше бейнеқұттықтау арқылы білдірсе, енді бірі өлең жолдарын арнаған.

Өз мүмкіндігін сынап көрген Алуа Ахметжанова туған жерге деген шынайы сезімін сурет арқылы жеткізіпті. Ол өз туындысында Ұлытаудың ұлылығын дәріптейтін қасиетті орындарды бейнелеп, салған.

"Қыран елім – Қазақстаным!" патриоттық акциясы Республика күніне арналған.

Акция үш бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Республика күніне арналған патриоттық өлеңдер жариялау;
  • көркем суреттер байқауы;
  • ерекше бейнеқұттықтаулар жазу.

Сонымен қатар патриоттық челлендж #РеспубликаКүні хештегімен жарялануы қажет.

Патриоттық акция жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, облыстық, аудандық, республикалық мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: