Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытауда кеншілер күні аталып өтті

Кеншілер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:39 Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі
Тамыздың соңғы жеңсенбісі - кеншілердің кәсіби мерекесі. Кен өндірісінің майталмандарына арналған апталықтың алтыншы күнінде той төбеде еліміздің түкпір-түкпіренен келген шабандоздар арасында аламан бәйге өткізіліп, қазақтың ұлттық ойыны қыз қууу жаңғыртылды.

Ат десе делебесі қозатын қазақ Кеңгір ауылындағы той төбеге жиналды.  Ең алдымен жиналған тойшыл қауымды Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры  Бауыржан Баймұханов айтулы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қыз қуу» ұлттық ойын додасына өңірімізден екі жұптан өтініш келіп түскен. Жаннұр Тілемісова мен Беделхан Оспанов жұбы ойынды бастап, Айкүміс Ақбар мен Мейіржан Армия жұбы тамамдады. Аталған жұптардың алғашқысы бірінші орынды иеленіп 1 миллион, екінші жұп 800 мың теңгені қанжығалағандарын айта кетейік. Қызығы мол қызықты ойын соңы аламан бәйгеге ұласты.


кеншілер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:39

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Бұл күні еліміздің әр өңірінен 41 шабандоз 30 шақырымға ат басын жіберді. Аламанда өз аймақтарында үздік деп танылған шабандоздар бой көрсетті. Бәйгеге қойылған жүлделер де осал емес. Нәтижесінде 6-шы орынды және 600 мың теңгені жаңа-арқалық шабандоз Әсет Игенбеков иеленсе, 5-ші орын және 800 мың теңге Шет ауданынан келген Ғалымжан Кенжеғұловқа бұйырды. 4-ші орын және 1 миллион теңгелік сертификатты тағы да шеттік  Жұмабай Садуақасов иеленсе, Алматы облысы Ұзынағаш ауданынан келген Қайрат Маханов үшінші орын, яғни, 1 млн 500 мың теңгені алды.


кеншілер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:39

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Жүлделі екінші орын және 2 миллион теңгені  жаңа-арқалық шабандоз Нұрсұлтан Құлманов еншілесе, 1-ші орынды және 2 млн 500 теңгені Алматы облысы Жамбыл ауданы Ынтымақ аулынан келген Мұхамедқали Бекарыс жеңіп алды. Ал, бас бәйгеге Қарағанды облысы Нұра ауданының шабандозы  Мұрат Есмағанбетов лайықты деп танылып, NIVA көлігін тақымына басты.


кеншілер күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:39

Сурет: Сәтбаев қаласы әкімдігі

Тамыздың соңғы жеңсенбісі - Кеншілердің кәсіби мерекесі. 

Айта кетейік, кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесі қаралған еді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылған. Оған ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілдері және зиянды өндірісте істейтін жұмысшылар кіреді. 

Бұдан бөлек, жұмыс тобы сақтандыру мәселесін де қарастырады. Атап айтқанда, жұмысшы мүгедек болып қалса, оңалту шараларын сақтандыру компанияларының есебінен төлеу ұсынылып отыр.

"Кеншілердің өздері тек зейнет жасын төмендетуді сұрап отыр. Басқа мәселе жоқ. Зейнет жасын төмендетуге болады. Бірақ зейнетақының көлемі қандай болады? Негізгі мәселе сол емес пе? Ертең ол адам 50 жаста шығып, зейнетақысы төмен болса, тағы мәселе болады. Сондықтан зейнетақының көлемін қалай арттырамыз? Оны қайсы жарнаның есебінен төлеу керек? Оны да талқылаймыз", - деді Тамара Дүйсенова.

Қалыптасқан дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде тойланатын тамаша кәсіби мереке - Кеншілер күні құтты болсын! Бұл мерекенің біздің аймағымыз үшін, жалпы барлық тұрғындар үшін ерекше маңызы зор! Кеншілер күні – кен өндіру өнеркәсібі ардагерлеріне алғыс айту, кеншілер ісіне жауапкершілікпен қарау, жанқиярлыққа құрмет білдіру мерекесі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: