Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғандағы журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

Журналистер үйі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2022 17:24 Сурет: Facebook/Есболат Айдабосын
Талдықорғандық журналистер енді белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің құрметіне аталған журналистер үйінде жұмыс істейді деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты журналистер үйіндегі БАҚ саласының қызметкерлері қуана хабарлап жатыр. Журналист Есболат Айдабосын жағымды жаңалықты Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

"Ал құтты, қайырлы болсын!", - деп жазды ол.

Өзге әріптестері оның тілегіне қосылып, марқұм Бейсен Құранбектің рухы асқақтағанын айтып жатыр.

  • Бейсағамның рухы асқақтаған күн болды! Асыл аға мәңгі өмірінде мейірімді Алланың рахымына бөленсін!
  • Ертең қазақ журналистері, соның ішінде жетісулықтар үшін тарихи күн. Біз енді Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде қызмет етеміз.
  • Бейсен ағаның атындағы журналистер үйі тек жақсылықтың жаршысы болсын!
  • Талдықорғандағы Журналистер үйіне Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты еңбек еткен белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің есімі беріліпті. 

Бейсен Құранбек - журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші. Қазақстан Ұлттық арнасында бұрын көрсетілген "Айтуға оңай" бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі болған. Ол осы бағдарлама арқылы ел есінде қалды. Алматы облысы Жетісу телеарнасының директоры болған. Сонымен қатар ол ҚР Мәдениет қайраткері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, Талдықорғанның құрметті азаматы.

Журналист 2020 жылы 18 мамырда қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: