Жаңалықтар тізбегі
0

"Балаларды сақтаңыз" - Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жылдық ертеңгіліктер қауіпті екенін ескертеді

Балаларды адам көп жиналатын жерге апармау керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 12:48 Сурет: Zakon.kz
Респираторлық вирустық инфекциялар жиілігінің артуына және бірінші кезекте балаларға әсер ететін жұқпалы вирустардың таралуына байланысты ДСМ ата-аналарға Жаңа жылдық ертеңгіліктерден бас тартып, ойын-сауық орталықтарына бармауды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, ковид шектеулері жойылғаннан кейін бүкіл әлемде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жұқтырғандардың күрт өскені байқалады. Оның үстіне бұл аурулардың эпидемиялық маусымы әдеттегіден ерте басталды.

"Бізге ғана емес, бүкіл әлемге де тән осы індеттік маусымның тағы бір айрықша белгісі – РС вирустарының: риновирустар мен рино-синцитиальды вирустардың жоғары айналымы. Ал біздің елімізде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың зертханалық расталған жағдайларының 43%-ын риновирустар, 70%-ын рино-синцитиальды вирустар құрайды. Бұл вирустар көбінесе бес жасқа дейінгі балаларға әсер етеді. Олардың жағдайы басқаларға қарағанда нашар". Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова

Айжан Есмағамбетова әлеуметтік желілерде ауыр интоксикация және дене қызуы көтерілген балаларда ауыр РС-вирусты жұқтыру жағдайлары туралы хабарламалар легі түсіп жатқанына назар аударды.

"Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында мен ата-аналарға өтініш айтқым келеді: ЖРВИ мен тұмаудың қазіргі ағымын ескере отырып, балалардың денсаулығына баса назар аударыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерге барудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, балаларда ауру неғұрлым ауыр өтіп жатыр, бұл олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.Сондықтан, жаңа жылдық мерекелер кезінде және жалпы қаңтар айында аурушаңдық жиілеп жатқанда, балаларыңызды мектептер мен балабақшаларға, сауда орталықтарына және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға апармаңыздар". Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова

Ол сондай-ақ балалардың ыстығын тез төмендету үшін дәрі-дәрмектерді, яғни «литикалық қоспаны» (анальгин, аспирин, дифенгидрамин- Ескерту ред.) қолданудан бас тартқан,жедел жәрдем дәрігерлерінің әрекеттеріне шағымданған ата-аналардың легін атап өтті. 

Вице-министр литикалық қоспаның балалар мен ересектердегі жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауды емдеу хаттамаларынан 10 жыл бұрын алынып тасталғанын атап өтті. Өйткені оның салдарынан науқастарда асқынулар мен бүйрек жеткіліксіздігі байқалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: