Демалыс күндері Алматыда қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды

Алматы қалалық мобилділік басқармасы автобус кестесін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 16:36 Сурет: Алматы әкімдігі
Қоғамдық көліктің демалыс күндердегі жұмыс кестесін Алматы қалалық мобилділік басқармасы бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 желтоқсан күні қоғамдық көлік әдеттегідей сағ.06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 1 қаңтар күні жылжымалы бірліктің 50%-ы жолға шығады.

2,3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70%-ы қызмет көрсетеді.

№3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағ.23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағ.00:30-ға дейін 20 автобус автобус жүретін болады.

Алматы метрополитені штаттық режимде сағ.06:20-дан сағ. 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен қызмет көрсетеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: