"Мықты болуыңыз керек". Белгілі нумеролог 2023 жылға қатысты болжаммен бөлісті
Жыл иесі туралы аз-кем мәлімет
Айсұлу Ахимова Қоян жылы қытай жұлдыз жорамалының 12 жылдық циклінде төртінші орында тұрғанын баса атап өтті.
"Аңыз бойынша, негізінен, Қоян әрқашан жылдамдығымен ерекшеленеді. Бірде Аспан патшасы жұлдызнама белгілерін қабылдау сарайға қай жануар қалай жетеді, сол ретпен жүргізілетінін айтады. Қоян таңертең жолға шығып, сарайға жеткенде ол арада басқа жануарлар болмаған. Ол бірінші келдім деп ойлап, сарайға кірместен сол маңда ұйықтап қалады. Алайда, ол оянғанда, басқа үш жануардың алға шығып кеткенін көреді. Осылайша қоян төртінші болады: Тышқан, Сиыр және Барыстан кейін. Сондықтан, осы бір тәмсілді өз назарларыңызға ұсына отырып, алдағы жылы өз мақсаттарыңызды игеруде жасаған жұмысыңыздың тең жартысы бостан босқа күйіп кетпес үшін қателіктерге бой алдырмау, өз күш-жігеріңізді дұрыс жоспарлап жұмсау қажеттігіне баса ескерткім келеді". Айсұлу Ахимова
Нумерологтың айтуынша, жыртқыш аңдарға қарағанда Қоянның ешкімге зияны жоқтығын ескеретін болсақ, онда әскери қақтығыстар шешіледі және жаһандық емес, жергілікті сипатқа ие болады, жалпы әлемдегі агрессиялық әрекеттер көлемі төмендейді. Бірақ, сонымен қатар кейбір жағдайлардың бақылаудан шығып кету қаупі бар және оларды тежеп ұстау қиын болады.
"Алдағы жылдың қабілеті әрі амал-айласы - қашу, жасырыну, оқиғаның бағытын өзгерту және әлемнің көңілінен шығу. Бұл ретте іс-әрекет еркіндігі мен пәлсапалық бастамаға жол ашылады, өйткені 2023 жылдың тағы бір қожасы – Мысық", – деп нақтылайды Айсұлу Ахимова.
2023 жыл "7" санына тәуелді
Айсұлу Ахимова 2023 жыл "7" санына нумерология бойынша тәуелді болғандықтан, жыл барлығына тағдырлы өзгерістер әкеледі.
"7" - әркімге өзгерістер алып келетін ең мистикалық, қасиетті және күшті сандардың бірі. Сонымен қатар, бұл - қамқоршы періштенің, жеке бақыттың, балалар мен отбасының саны. Осыған дейін пайда болған және көп жайы айқындалған оқиғалар 2023 жылдың "бетіне шығып, қалқып алынады". Осы жылы қажетсіз әрі әбден ескірген жайттар тарих қойнауына кетеді. Айсұлу Ахимова
Маман бұл трансформация, құндылықтарды қайта бағалау және тағдырлы өзгерістер жылы екенін тағы бір мәрте еске салады. Бұл жылы іштей бәріне дайын әрі сабырлы болу маңызды, әйтпесе айналада болып жатқан оқиғалар қандай да бір жолдарды тауып, өзіңізге әсер етіп кетуі мүмкін.
Жалпы ұжымдық ықпалға берілмеу, өзінің тұрақты пікірің мен тәуелсіз ойдың болуы, жағдайды игере, бажайлай ала білу де маңызды.
Өйткені "7" саны, тағы бір жағынан, фанатизм мен ақтауға келмейтін тәуекелдерді алып жүретіндіктен бос эйфорияға кеңелтетінін де ескерту қажет. Сондықтан 2023 жылы жақын адамдарыңызбен арадағы қарым-қатынасты жақсартып, жақындарыңызға көбірек уақыт бөлуге назар аударған жөн.
Бойдақтар үшін келер жыл өзінің сүйікті адамымен кездесуге мүмкіндік береді. Ал бас қосып үлгерген жұптардың отбасында 2023 жылы сәби дүниеге келеді, - деп атап өтті нумеролог.
Сондай-ақ, сарапшының пікірінше, 2023 жыл баспана жайын жақсартуға, жылжымайтын мүлік мәселелерін шешуге қолайлы.
"7" санына тәуелді жылы мейілінше жұмсақ, икемді болып, даулы жағдайларда тілге келе білуді үйрену маңызды. Биыл кем дегенде бір өсімдік өсіру керек (үйде немесе бақшада, маңызды емес). Ол жыл бойына жеміс беретін болады (сіздің "миллионыңызды" өсіруге көмектеседі). Айсұлу Ахимова
Сонымен қатар, маманның айтуынша, бұл кезең көптеген адам үшін тазару жылы болады. Сондықтан 2023 жылы рухани жағынан дамуға, өзіне деген ішкі сенімді нығайтуға және тепе-теңдікті ұстауға ұмтылуға баса назар аударған жөн, деп түсіндіреді маман.
"2023 жылғы "7 " санының келеңсіз жағы да бар: бұл - немқұрайлылық, қаржылық шығындар, келісімдерді бұзу, уәдеде тұрмау. Сондай-ақ, бұл сан бостандық пен оның шектелуі мәселесімен де тығыз байланысты. 2023 жылы ішкі энергияны сақтап, әзілге көбірек орын беріп, ауыр сөздерден тыйылып, қарсыласты да жақсы-жаман қалпымен қабылдауды ұмытпау қажет". Айсұлу Ахимова
2023 жыл Қазақстанға не әкеледі
"Оңай жыл емес, белгілі бір сәттерде – қарбаласқа толы. Көптеген елдегі секілді Қазақстанды бұл жылы реформалар мен трансформациялар күтіп тұр, ішкі және сыртқы шекараларды қорғауға тура келеді". Айсұлу Ахимова
Нумеролог қазақстандықтарға 2023 жылдың көктеміне дейін шешім қабылдаудан, әсіресе импульсивті, сондай-ақ ұтымсыз шығындардан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ, Айдың тұтылу кезеңінде - 2023 жылдың сәуір айының 20-сынан бастап қазан айының ортасына дейін тұрақты және логикаға жиі сүйене білу керек.
"Жаз мезгілі өмірдің кейбір аспектілерін қайта қарауға және кейбір нәрсені кідіртуге жол береді. Шілденің аяғынан қыркүйектің басына дейін ажырасу немесе некеге тұру кезінде аса сақ болыңыз. Ажырасу саны артуы мүмкін, ал осы кезеңде жасалған некелер ұзаққа созылмауы мүмкін. Бұл уақыт көптеген жұптың төзімділігін, қаржылық тұрақтылығын және адалдығын тексеретін болады. Дағдарыстың беті қайта қоймайды. Керісінше, Қазақстан инфляция күшейіп, тіпті девальвация да орын алуы ықтимал". Айсұлу Ахимова
Сонымен қатар, нумеролог желтоқсанға дейінгі екінші жартыжылдық иллюзиялар мен бос уәделерге толы болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан ол сөзі мен әрекеттері күмән тудыратын адамдарды өзіне көп жолатпауды ұсынады.
"Жалпы, қараша айының басына дейін бұл жыл адамдардың басындағысын ретке келтіріп, қолға алған істерін ұқыпты жүргізуге, кейбір мәселелерге жоспар бойынша және жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Егер балаларыңызды IT-технология саласында дамытуға басымдық берсеңіз, ал ересектер жағына қаржылық сауаттылықты арттыру артықтық етпес еді". Айсұлу Ахимова