Димаш Құдайберген інісін көрсетіп, оны туған күнімен құттықтады

Димаш Құдайберген інісін көрсетіп, оны туған күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 16:22 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші, музыкант Димаш Құдайберген туған інісі Әбілмансұрмен бірге түскен фотосын жариялап, оған ақ тілегін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Туған күнің құтты болсын, талантты інім. Саған барлық жақсылықты тілеймін. Бір күні сен әлемдегі ең ұлы музыканттардың бірі болатыныңа сенемін. Сенде оған барлық мүмкіндік бар. Жай ғана жасай бер", - деп тілек жазды Димаш Құдайберген.

Димаш інісімен 2019 және 2022 жылдары түскен екі фотоны біріктіріп, фотоколлаж бөлісті.

Әбілмансұр Құдайберген ағасының құттықтауына "көп рақмет" деп пікір қалдырып, жауап берді. Димаштың Қарындасы Раушан да інісін туған күнімен құттықтады. 

Жақында Димаш Құдайбергеннің "Болашақ" бағдарламасымен АҚШ-та білім алатыны белгілі болды. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: