Елімізде күн күрт суытады деп болжанды

Ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 13:14 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің барлық өңірінде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, республиканың барлық аумағында дерлік қар жауады, шығыста – қалың қар, ал оңтүстікте – жаңбыр мен қар, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.

"Республиканың барлық аумағында бұрқасын, көктайғақ болады, батыста және оңтүстікте тұман түседі. Бірақ 7 қаңтарда жауын-шашын бірте-бірте тоқтап, алдымен батыста, кейін еліміздің қалған бөлігінде  ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанды"."Қазгидромет" РМК 


Болжам бойынша термометр бағаны:

  • батыста, орталықта -20...-28°С-қа дейін;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте -25...-33°С-қа дейін;
  • шығыста -5...-13°С-қа дейін;
  • оңтүстікте - 0...-10°С-қа дейін төмендейді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: