Алматы – Петропавл арасындағы тальго пойызының рейсі екі есе қысқарды

Пойыз тальго, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2023 15:20 Сурет: ҚТЖ
2023 жылғы 14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында "Алматы-2 – Петропавл" арасындағы пойыз күнара қатынайды, бұл пойыз бұған дейін күн сайын жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған "Жолаушылар тасымалы" АҚ техникалық себептерге байланысты  №105/106 Тальго құрамын жөндеу жұмыстарын жүргізуі себеп болған.

- Алматыдан қаңтар айында - тақ күндері, ақпан/наурыз айларында-жұп күндер бойынша;

- Петропавлдан қаңтар айында - жұп күндері бойынша, ақпан/наурыз айларында тақ күндері бойынша жүреді.

"Жолаушыларға тоқтатылған рейстерге бұрын ресімдеген жол жүру құжаттарының толық құнын қайтару жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізіледі. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: