Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде -43 градусқа дейін аяз болады

Қазақстан, аяз, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 12:26 Сурет: pixabay
Синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, суық арктикалық ауамен толтырылған солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжып келеді. Осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде қатты аяз сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады деп болжанды.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз;
  • республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз;
  • солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін;
  • орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін;
  • шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендейді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: