Қызылжардағы жылу орталығының күл полигонын кеңейту үшін 89 гектар орман оталмақ
Сурет: Zakon.kz
Қазір коммуналдық кәсіпорынның көмір қалдығын төгуге арналған 220 гектар жері бар. Өткен ғасырдан бері пайдаланып жүрген қойма толуға жақын көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондықтан энергетиктер қосымша 239 гектар жер алып, жаңа күл төгу алаңын дайындауды көздеп отыр. Аталған аумақтың үшінші бөлігінде орман алқаптары орналасқан. Сондықтан жылу орталығының өкілдері оны шауып тастамақ. Ал бұған қала тұрғындары мен қоғам белсенділері түбегейлі қарсы, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
"Петропавлдың шетіндегі орман қаланың өкпесі болып саналады. Оны шабуға мүлдем болмайды. Солтүстік Қазақстандағы орман алқаптары онсыз да қырылып жатыр. Бұл шешімді қабылдар алдында қоғамдық кеңестің пікіріне құлақ асу керек". Қала тұрғыны Ольга Веркулеева
Билік өкілдері жерді бөлу жөнінде ресми жауап келмегенін айтады. Сондықтан өзінің жоспарлары жөнінде әзірге жауап беруден бас тартты. Ал "Севказэнерго" компаниясы оталған орманның орнына "10 есе көп ағаш егеміз" деп уәде беріп отыр.
"Севказэнерго" компаниясы әкімдікпен бірлесіп, бірнеше жерді қарастырды. Бірақ бірқатар факторларға байланысты бұл учаскілер бізге келмейді. Мәселен, топырақтың сәйкес келмеуі, жерасты суларының тым биік көтерілуі, өндірістік аумақтан тым алыс орналасуы және тағы да басқа. Егер күл төгетін аумақты осы жерде белгілесе, онда бұл қосымша шығынды талап етеді. Өз кезегінде ол бірден тарифтің өсуіне әсер етеді. "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript